Димаш Әділет Ресейдегі «Холостяк» шоуына қатысып жатыр

Сурет: instagram/dimashadilet
Қазақстандық Димаш Әділет ресейлік «Холостяк» шоуына қатысып жатыр. Ол Instagram-дағы парақшасында алғашқы сериалдың тизерін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қыздардың алдына шыққан Әділет есімі Родриго Гереро екенін, Монтереодан (Мексика) келгенін айтты. Сосын ол кішкене үзіліс жасап, мұның әзіл екенін жеткізді.

Сосын  «Негізі менің есімім Димаш. Мен Қазақстаннанмын, Алматыда дүниеге келдім. Бірақ өмір бойы Женевада тұрдым. Рұқсат етсеңіздер, мен осы шоуда жаңа бойдақ боламын», – деді Димаш Әділет.

 Димаш өзінің Instagram-дағы парақшасына «Холостяк» шоуынан видео жариялап, жаңа қатысушы екенін хабарлады.

Барлық қызық келесі сенбіде екінші серияда басталады. Жіберіп алмаңыздар. Димаш Әділет

Қатысушылар Димашты көре сала, шулай жөнелді. Олар шоуға екінші бір бойдақ қосылғанына қуанышты. Кейбірі Женевада тұруға қарсы емес екенін айтты.

Ал Димаш Әділеттің Instagram-дағы оқырманы бұл видеоға түрлі пікір білдіріп жатыр:

Мен «Холостяк» шоуының тоғызыншы маусымының жаңа бойдағымын. Бұл мен үшін күтпеген жағдай болды. Үлкен әрі қызық тәжірибе алдым. Сіздерге де ұнайды деп ойлаймын, – деп жазды Димаш Әділет.
Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз