Қазақстанда электр қуатының сөнуіне қатысты тергеу жұмысы аяқталды

Сурет: pxhere
2022 жылғы 25 қаңтарда Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанның энергия жүйелерінде болған апаттың себебі анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Энергия» үйлестіру диспетчерлік орталығының арнайы комиссиясы 2022 жылғы 25 қаңтарда болған аварияға қатысты тергеу-тексеру жұмыстарын аяқтады, оның құрамына Орталық Азияның, атап айтқанда Қазақстанның, Өзбекстанның, Қырғызстанның энергия жүйелері жүйелік операторларының өкілдері кірген болатын.

Комиссия аварияның себебін Өзбекстанның энергия жүйесінде болған ажыратылудан туындағанын анықтады: сол күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 11:59-да Сырдария ЖЭС-і мен 500 кВ «Ташкент» ҚС-ны (Өзбекстан) қосатын 500 кВ жоғары вольтты әуе электр жеткізу желісінің желілік ажыратқышында қысқа тұйықталу болды. 500 кВ шиналардың 1-ші және 2-ші жүйелерінің дифференциалды қорғаныстарының шамадан тыс жұмыс істеуі Сырдария ЖЭС-інде генерацияның айтарлықтай төмендеуіне, электр станциясына іргелес электр желісіндегі ажыратылуларға және Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) 500 кВ Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік транзитіне 2100 МВт мөлшеріндегі қуат жүктемеден тыс түсірілуіне (белгіленген нормадан 7 есе жоғары) әкелді.«KEGOC» АҚ баспасөз қызметі
Қазақстан
Қырғызстан
Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Отбасы шешімі өзгеге өмір сыйлады: Маңғыстау облысында науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды