Алматыда Наурыз мерекесі қалай өтеді

Сурет: Zakon.kz
Алматыда Наурыз мерекесі аясында қаланың барлық аудандарында 80-нен астам түрлі іс-шаралар өткізу жоспарланған. Негізгі іс-шаралар 21 наурызда сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін Панфилов, Жібек жолы және Төле би көшелерінде өтеді. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы әкімдігі таратқан мәлімет бойынша, Панфилов пен Қарасай батыр көшесіндегі шағын сахнада сағат 11.00-17.00 аралығында концерттік бағдарламамен П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің студенттері, балалар шығармашылық ұжымдары, диджейлер мен интерактивтер, Диана Шарапова мектебі және Мұрат Мұтұрғанов өнер көрсетеді.

Сондай-ақ Жібек жолы көшесіндегі сахнада сағат 11.00-17.00 аралығында «Алматы Әуендері», «Бозторғай» халықаралық балалар фестивалі концерттік бағдарламасын ұсынса, диджейлер мен интерактивтер және шығармашыл жастар өз өнерлерін көрсетеді.

«Алатау» дәстүрлі өнер театрының алдындағы алаңда сағат 12.00-ден 17.00-ге дейін концерттік бағдарлама, ұлттық дәстүрлер көрсетілімі ұйымдастырылады, сағат 16.00-ден кешкі концерт басталады.

Қаламыздың негізгі концерті 21 наурыз күні сағат 12.00-де ҚБТУ ғимараты алдындағы «Астана» алаңында өтеді. Көрермендерге қазақ мәдениетінің өзіндік ерекшелігін көрсететін барабандар, дауылпаздар мен қобыздарды қолдана отырып театрландырылған шоу ұсынылады. Осы іс-шара үшін арнайы заманауи өңдеуде музыкалық этно-фольклорлық композиция жазылды. Мерекелік концертке барлығы 500-ден астам әртіс қатысады. Сонымен қатар, сахнада 100-ден астам адам өнер көрсетеді.Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

21-22 наурызда Ғылым академиясы ғимаратының алдындағы алаңда «Қазақ әуендері» АҚ Нұр-сұлтан қаласының әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырады.

Сонымен қатар, мерекелік концерттер қаланың әр ауданында өтеді:

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, мереке кезінде барынша қауіпсіздікті және қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша күшейтілген режим қабылданады.

Алматы
Қазақстан
Алматы қаласының әкімдігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды