Еңбек министрлігі заң бойынша жалғызбасты анаға кімдер жатқызылатынын түсіндірді

Сурет: pixabay
Қазақстанның электрондық үкімет сайтына заңға сәйкес кім жалғызбасты ана болып саналады, ажырасқан әйел қай санатқа жатқызылады деген сұрақ келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, жүкті әйелмен, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелмен, 14 жасқа дейінгі баланы (18 жасқа дейінгі мүгедек баланы) тәрбиелеп отырған жалғызбасты анамен, анасы жоқ аталған балалар санатын тәрбиелеп отырған өзге де адамдармен еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзуға жол берілмейді. Ажырасқан әйел жалғызбасты ана санатына жатқызылады ма? – делінген сұрақта.

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек кодексінде мұндай норма қарастырылғанын, алайда "жалғызбасты ана" ұғымына түсінік берілмейтінін айтты. Дегенмен "Неке және отбасы туралы" кодексте жалғызбасты ана - заңды некеге тұрмай, дүниеге сәби әкелген әйел және оларға алимент төленбейтіні айтылған. "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңға да сәйкес, некеде тұрмаған, жалғыз бала тәрбиелеп отырған әйел жалғызбастыға жатады.

Осы жағынан алғанда, жоғарыда аталған Еңбек кодексінің нормаларына сәйкес, жалғызбасты анаға некеде тұрмаған, бірақ жалғыз бала асырап отырған әйелді жатқызуға болады. Сәйкесінше, 14 жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек бала) тәрбиелеп отырған және қайтадан ресми некеде тұрмайтын "ажырасқан әйел" де жалғызбасты ана санатына жатады. ҚР ЕӘХҚМ
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз