Қазақстанда армян нөмірлері бар көліктерді қайта тіркеу мерзімі ұзартылды

Сурет: Zakon.kz
ҚР үкіметінің 2020 жылғы 24 наурыздағы қаулысымен «Қазақстан Республикасы азаматтарының Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуі мен пайдалануының кейбір мәселелері туралы» қаулысына өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, қазақстандықтар үшін Армениядан Қазақстанға 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген көлік құралдарын тіркеу құқығының мерзімі 2023 жылдың 1 наурызына дейін ұзартылды.

Бұған дейін бұл мерзім 2021 жылғы 1 наурызға дейін белгіленген болатын.

Құжатқа сәйкес, Армениядан келген көлік иелері оны тағы бір жыл айдай алады және осы бір жылдың ішінде Қазақстанда қайта тіркеуге қойып, сәйкесінше барлық алымдар мен төлемдерді төлеуі тиіс.

Армения
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Мәні де, мазмұны да айрықша – Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Елімізде жаңбыр, қар жауып, -6 градусқа дейін аяз болады

Тоқаевтың "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" жолдауы: толық мәтін

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды