Арбадағы балаларға екі шағын автобус-инватакси сыйға берілді

Сурет: sberbank.kz
Мұндай сыйлықты СберБанк Түркістан облысындағы балаларға тарту етті.

Ерекше қажеттілігі бар жандарға көмек қолын созу – СберБанктің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарының бірі.

Банк көп жылдар бойы түрлі әлеуметтік жобаларды қолдап, іске асырып келеді. Оған дәлел – «Балдәурен» балалар орталығына көрсетілген көмек, аталған мекемеге ерекше қажеттілігі бар, соның ішінде арбадағы балаларды уақтылы әрі жайлы тасымалдауға арналған 11 орындық екі шағын автобус-инватакси кілті табысталды. Инватакси Жетісай қаласы және Түркістан облысындағы шалғай ауылдар бағытында қызмет көрсетеді.

2017 жылы «Балдәурен» күндізгі тынығу орталығы құрылған кезде балаларды тасымалдау үшін арнайы көліктер болмады, таксимен қатынауға тура келді, бұл, әрине, қолайсыздық туғызады.

Сурет: sberbank.kz

«Аялайық балаларды» қоғамдық қайырымдылық қоры балалар орталығына көмектесетін демеушілер іздеуді жөн санады.

«Біз бір ай бұрын бірнеше ұйымға қайырымдылық көмегін көрсету туралы хат жолдаған болатынбыз. Жобаны СберБанк қолдап, бізге қуаныш сыйлады. Енді орталықтағы 50 тәрбиеленуші мекемеге дейін еш кедергісіз әрі жайлы жете алады. Банкке бастамамызды қолдап, қайырымдылық акциясына қатысқаны үшін алғыс білдіреміз, - деп атап өтті Жармахан Аден, «Аялайық балаларды» қоғамдық қайырымдылық қорының төрағасы.

Бүгінде «Балдәурен» күндізгі тынығу орталығы – 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі арнайы күтімді талап ететін ерекше балалармен әлеуметтік-оңалту жұмыстарын жүргізетін мекеме. Бұл жерде мұндай балаларға өзін жайлы сезіну үшін арнайы жағдай жасалған. Мамандар психологиялық жайлылық атмосферасын қалыптастырады, сондай-ақ баланы ортаға бейімдейді және танымдық белсенділігін арттырады.

Сурет: sberbank.kz

Қайырымдылық және демеушілік – «Сбербанк» АҚ ЕБ-ның корпоративтік мәдениетінің бір бөлігі және қоғам өміріне атсалысудың дәстүрлі бағыты. Банк қоғамның аз қорғалған мүшелеріне қолдау көрсетуді өзінің борышы әрі міндеті деп біледі.

Сурет: sberbank.kz

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда полиция атынан жалған айыппұл жіберу деректері көбейген

Алатау қаласы арнайы мәртебеге ие болады: Заң жобасы әзірленді

Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жедел тіркеу іске қосылады

Қазақстанда диқандарға арналған дизелге цифрлық және түстік бақылау енгізді