Қазақстан АЭС-те жұмыс істейтін мамандарды АҚШ, Еуропа және Ресейде оқытады

Сурет: pixabay
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов болашақ атом электр стансиясында жұмыс істейтін қазақстандық мамандар АҚШ, Еуропа және Ресейде оқытылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, дайындық жұмыстары «Болашақ» бағдарламасы іске қосылған сәттен басталған. Ал қазір Қазақстанда шетелден өте жақсы білім алып келген мамандардың саны өте көп.

Бізде университеттер бар, мысалы, Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Олардың MИФИ-мен бірлесіп жұмыс істегеніне біраз болды. Өз бетінше оқуға түсіп, Ресейдің жоғары оқу орындарына, соның ішінде осы салада білім алып жатқан азаматтарымыз да аз емес. Сондықтан атом өнеркәсібі мамандарын АҚШ, Еуропа елдері, Ресей және т.б. елдерде әзірлеу мәселесі қарастырылып жатыр.ҚР БҒМ Асхат Аймағамбетов

Наурыздың 25-і күні Энергетика министрі Болат Ақшолақов ведомство Қазақстанда атом электр стансасын салуға ниетті екенін мәлімдеді.

Атом электр станциясын салынатын орынның екі нұсқасы қарастырылуда – бұл Шығыс Қазақстан облысындағы Курчатов және Оңтүстік Қазақстан.

Қазақстан
Аймағамбетов Асхат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды