«Оразаға қатысты 200 сұрақ»: Рамазанға қатысты кітапша қала мешіттерінде таратылады

Сурет: Zakon.kz
Оразаның алғашқы күні жұма намазынан кейін Алматы мешіттерінде «Оразаға қатысты сауалдарға жауап беру алаңы» деген атпен жамағаттың діни сұрақтарына жауап беру шарасы өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан «Оразаға қатысты 200 сұрақ» атты кітапшасы «Muftyat» баспасынан шығарып, Алматыдағы оқырмандарға ұсынатынын хабарлады. Рамазанға қатысты сұрақтар қамтылған кітапша қала мешіттерінде қазақ тілінде 10 000 дана, орыс тілінде 5000 данамен тегін тараталады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар 15 мың тиражбен ораза кестесі және 5 мың тиражбен қысқаша ораза нұсқаулығы қамтылған боршюралар тегін таратылады.  

Алматы өкілдігіне қарасты «azan.kz» сайтына бір күнде 20 мыңнан астам оқырман кіреді. Ал Рамазан айында оразаға қатысты мәлімет іздеушілер саны 50 мыңнан асып жығылады. Сайтқа бір мезетте кірушілердің көп болуынан сайт жұмысы тоқтап қалатын кездер де болады. Сол себепті «azan.kz/kz/ramadan» парақшасын қазақ-орыс тілдерінде қосымша ұсынылып отыр. Одан бөлек жаңадан «ramadan2022.kz» мобильді сайтын да арнайы іске қосылды. Бұл сайтта оразаға қатысты мәліметтер мен қатар Алматы орталық мешітте айтылатын уағыз кестесі, тарауих намазында құран хатым түсірілетін мешіттер, халал сертификатын алған мейрамханалар тізімі т.б. да ақпараттар енгізілген.Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жедел тіркеу іске қосылады

Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Алатау қаласы арнайы мәртебеге ие болады: Заң жобасы әзірленді