Қазақстан Өзбекстанмен арадағы теміржол қатынасын жаңғыртуды кейінге шегерді

Сурет: rail-news.kz
Қазақстан карантиндік шектеулерге байланысты "Нүкіс — Бейнеу" және "Алматы – Ташкент" пойыздарының қозғалысын қалпына келтіру мерзімін кейінге шегерді, деп жазады Өзбекстандағы БАҚ-тар, деп хабарлайды Zakon.kz.

O`ztemiryo`lovchi АҚ Қазақстан карантиндік шектеулерге байланысты №647/648 "Нүкіс — Бейнеу — Нүкіс" және №½ "Алматы — Ташкент — Алматы" халықаралық пойыздарының қозғалысын қалпына келтіру мерзімін кейінге шегергенін хабарлады, делінген Газета.uz сайтында.

Бұл шешім Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен оның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында бекітілді.

Билет сатып алған жолаушылар теміржол кассаларына хабарласа алады, онда билет ақысы қайтарылады немесе құжат басқа мерзімге қайта рәсімделеді.

Бұған дейін хабарланғандай, Бейнеу рейсі 1 сәуірден бастап, ал Алматыға қарай ("Тұлпар-Тальго" пойызы) 2 мамырдан бастап іске қосылады.

Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды