Петропавлдағы ЖЭО-2-дегі апат: жаңа құбыр салуға бір жылдан астам уақыт қажет

Сурет: Instagram/dtp_sko
Петропавлдағы ЖЭО-2-де жаңа құбыр салу жұмысы 12-14 айға созылуы мүмкін. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ЖЭО-2-дегі апаттан кейін комиссия құрылып, оны Энергетика вице-министрі басқаратын болды.

Юрий Ильиннің айтуынша, қазір станцияда үш қазандық жұмыс істеп тұр.

Иелік ететін компания мәселені шешуге әрекеттеніп жатыр. Апаттық құбырды демонтаждау шаралары қолға алынып, жаңа құбыр тарту мәселесі пысықталуда. Олардың айтуынша, құрылыс 12 айдан 14 айға дейін созылады. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин

20 наурызда Петропавлдағы ЖЭО-2-де құбыр опырылып, бір адам қайтыс болды.

Құбыр 1961 жылы пайдалануға берілген. Оның биіктігі 150 метр, салмағы бірнеше мың тонна. Соңғы рет 2016 жылы жөндеуден өткен.

Қазақстан
Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Президенттің Жарлығы жарияланды – Қазақстан Халық Кеңесіне еліміздің 126 азаматы кірді