«Бұл бала өмірді сүюді үйретті»: Димаш 7 жасар баланың арманын орындады

Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Димаш Құдайберген 25 наурыз күні Дубайда өткен концертінен соң Menin Armanym жобасына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық Menin Armanym жобасы 3 пен 18 жас аралығындағы айықпас ауруға шалдыққан балалардың арманын орындайды. Осы жолы жоба ұйымдастырушылары кішкентай Дулаттың «Димаш Құдайбергенмен кездесу» деген арманын орындады.

Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды.

25 Наурызда Дубайдағы концерттен кейін мен жаңа досым Дулатпен таныстым. Бұл бала маған ең бастысы өмірді сүюді, адамдарды жақсы көруді және бақытпен бөлісуді үйретті. Дулат бәрін қорғағысы келетін періште сияқты. Ол бәріне сүйіспеншілік танытып, ризашылық білдіп құшақтай берді. Мені осындай ерекше балапанмен таныстырғаны үшін "Менің арманым" жобасының ұйымдастырушыларына рахмет.Димаш Құдайберген

Дулат қазір 7 жаста. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ол Димашпен кездесуді қатты армандаған. Әншімен кездесу үшін Дубайға да арнайы ұшыпты.

Еске сала кетейік, әншінің көктемгі концерттік бағдарламасын жариялаған едік:

Концертке билеттерді әншінің Instagram парақшасындағы сілтемелер арқылы сатып алуға болады.

БАЭ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды