Қазақстанның алты өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Сурет: pixabay
Қазақстанның бірқатар өңірінде қатты жел тұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

6 сәуірде түнде Ақтөбе облысының батысы мен орталығында тұман түседі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады. Облыстың батысы, солтүстігі, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

6-7 сәуірде түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Петропавлда оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ға жетеді.

Қарағанды облысында солтүстік және солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ойыса ұйытқиды.

Қызылорда облысының шығысында найзағай жарқылдайды деп күтіледі. Солтүстік, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні күндіз өңірдің орталығында 15-20 м/с-ға жетеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады