Саясат Нұрбек: Бухгалтер және кітапханашы мамандықтары жойылады

Сурет: pexels
Мәжіліс депутаты, политолог Саясат Нұрбек елімізде 129 түрлі мамандық жойылу алдында тұрғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәжіліс депутаты бұл туралы Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында мәлімдеді.

Қазақстанда 129 мамандық жойылады. Біріншіден, бухгалтерлер ақырындап кете бастайды. Екіншіден, учетчик пен қоймашылар кетеді. Неге десеңіз, қазір бәрі автоматтандырылған жүйелерді көп қолданып жатыр. Үшіншіден, өндірісте жүрген аккумуляторшылар, концентратор жасайтын мамандар қажетсіз болады. Сонымен қатар кітапханашыларды айтуға болады. Оларда да бәрі автоматтандырылған жүйеге көшіп жатыр. Одан кейінгі кезекте нотариаттар тұр. Елімізде 4500 нотариус бар десек, соншалықты көп нотариус керек болмай қалады. Қазір Әділет министрілгі автоматтандырылған нотариус жүйесін енгізіп жатыр. Ал онда жұмыс істейтіндер алдағы 4-5 жылда не заңгер, не заң кеңесшісі болуы керек.Саясат Нұрбек

Нартай Аралбайұлы Саясат Нұрбектен «Журналистер мен депутаттар керек пе?» деп сұрады. Мәжіліс депутаты журналистер мен заң шығаратын адамдардың керек болатынын айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды