Нұр-Сұлтан жол полициясы жүк көліктері туралы фейкке пікір білдірді

Сурет: Zakon.kz
Қазнетте жүк көліктерінің тыйым салынатын жол белгілерінен өтуіне арналған рұқсаттамаларды сату туралы ақпарат тарады. Ал полицейлер бұл ақпараттың фейк екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, қолданыстағы заңнамада тыйым салатын жол белгілерімен жүруге, оның ішінде жүк көліктеріне рұқсат беру қарастырылмаған.

Stopfake.kz сайтының мәліметінше, полицейлер елорда көшелерімен жүк көліктерінің кедергісіз жүруіне рұқсат беру туралы қағаз, бланкілер және басқа да форматтар жоқ екенін түсіндірді.

Мұндай жалған қағазды кейін пайдалану, оны тарату және олардың заңсыз шыққанын біле тұра қолдану жағдайы болса, полиция департаменті қылмыстық іс қозғайды. Осы ақпаратқа назар салуыңызды және қандай да бір ақпарат болса, полиция бөлімінің кезекші бөліміне 8(7172) 71-60-10 телефоны немесе «102» арнасы арқылы хабарлауыңызды сұраймыз.Нұр-Сұлтан Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Полиция департаментінің мәліметінше, бүгінде полиция қызметкерлерінің көлік жүргізушілерімен байланысы барынша азайтылды. Жүргізушілер жасаған құқық бұзушылықтар Сергек камералары арқылы тіркеледі.

Қазақстан
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

"Мыжылып, адам қысылып қалды". Алматы маңында екі көлік бетпе-бет соқтығысты

ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығы: Шымкентте "Ордабасы" командасының чемпиондығына орай салтанатты жиын өтті

"Қар аралас жаңбыр жауады". Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертіледі