Семей полигонынан зардап шеккендердің мәртебесін онлайн түрде растауға болады

Сурет: primeminister.kz
eGov.kz порталында Семей полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтар үшін жаңа қызмет пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«ҰАТ» АҚ қоғаммен байланыс бөлімінің мәліметінше, Семей полигоны аумағында 1949-1965 жылдар аралығында, сонымен қатар 1966-1990 жылдар аралығында өмір сүрген азаматтар eGov жүйесіндегі жаңа қызметті пайдалана отырып, мемлекеттен төлемдер ала алады.

Азаматтарға жеңілдіктер мен өтемақыларға құқығын растайтын анықтама алуға мүмкіндік беріледі. Қызмет тегін көрсетіледі және 2022 жылдан бері қолжетімді.

Осындай қызмет еліміздің халыққа қызмет көрсету орталықтарының көмегімен де көрсетіледі. Қызметті пайдалану үшін Egov.kz порталына өтіп, басты бетте «Әлеуметтік қамсыздандыру» бөлімін ашып, «Отбасыларға көмек» тармағын таңдап, қызметті таңдау керек.

Пайдаланушының әрі қарай әрекеті:

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – 20 жұмыс күнінде қалыптастырылатын және пайдаланушының «Жеке кабинетінде» сақталатын хабарлама. Хабарламаны алғаннан кейін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен анықтама/анықтаманың телнұсқасын алуы қажет.

Біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақыны төлеу облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша өтемақы төлемдерінің кестесіне сай жүзеге асады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр