ЕАЭО аумағында тұрмыстық тоңазытқыштар мен мұздатқыштар айналымы қадағаланады

Сурет: pixabay
1 шілдеден бастап Еуразиялық экономикалық одақ аумағында қадағалап отыру тетігін енгізу жөніндегі пилоттық жоба іске қосылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетенің мәліметі бойынша, жоба 2023 жылғы 31 наурызды аяқталады.

Пилоттық жоба шеңберінде қадағалау жүзеге асырылатын тауарлар тізбесіне Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының 11 коды (тұрмыстық тоңазытқыштар мен мұздатқыштар) енгізілді.

Ведомство өкілдері атап өткендей, 2022 жылғы 1 шілдеде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында іс жүзінде болатын қадағалауға жататын тауарлар және осындай тауарлардың айналымымен байланысты операциялар туралы мәліметтер пилоттық жобаны іске асыру басталған күннен бастап бір ай ішінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйісіне енгізілуге жатады.

Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйісінде мұндай мәліметтер болмаған кезде бір мүше мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа екінші мүше мемлекеттің аумағына өткізуге жол берілмейді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді