«Урал» зауытының Қазақстанға көшірілуі санкцияға себеп болмай ма

Сурет: pixabay
Ресейлік мотоцикл шығаратын «Урал» зауытына санкция салынған жоқ. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Біз мұнда ашуға дайын барлық кәсіпорындарды құптаймыз, өйткені бұл – жұмыс орындары, салық салынатын база, құзыреттілік. «Урал» зауыты «ҚазТехМашпен» келіссөздер жүргізіп жатыр және олар, менің ойымша, аумақты жалға беру туралы келісім-шарт жасасқан. Біз мұны құптаймыз, бізде мұндай кәсіпорындар көп. Қайырбек Өскенбаев

Журналистер сондай-ақ Индустрия министрлігі басшысынан ресейлік компанияларға көмектесу арқылы Қазақстанның санкцияға ұшырау қаупі жөнінде сұрады.

Бұл сұраққа министр былай деп жауап берді: «Біріншіден, «Урал» зауытына санкция салынған жоқ. Ресейдің барлық компаниялары санкцияға ұшыраған жоқ. Егер қандай да бір себептермен ол орналасқан жерін өзгертіп, Қазақстанда кәсіпорын ашуды шешсе, оны неге қабылдамауымыз керек? ҚР ИИДМ біздің мемлекет белгілеген қағидаттарды берік ұстанады».

Еске салсақ, Ural Motorcycles мотоциклдер өндірісін Қазақстанның Петропавл қаласына көшіреді. Бұған дейін белгілі болғандай, мұндай шешім санкцияға ілігуге байланысты құрамдас бөліктердің болмауына, сондай-ақ Ресейден техниканы импорттауға тыйым салынғанына байланысты қабылданды.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Тоқаев пен Ердоған келіссөз жүргізді

Богдан Вехов шорт-тректен әлемдік тур кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанның бес өңірінде қар жауып, жолдар тайғақ болады