Тоқаев этномедиацияны дамытуды тапсырды

Сурет: Қазақстан халқы ассамблеясы
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА-ның ХХХІ сессиясында аудандық деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлер оқытылатын этномедиация бойынша оқу орталығын құруды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ассамблея медиация негізінде кәсіби келіссөз жүргізушілердің бірегей институтын қалыптастыруға кірісті. Бұл жұмыс құптауға лайық, себебі жұмысқа мүлдем жаңа көзқарас қалыптастырады. Аталмыш жұмысты нақты қолданбалы негізде қою қажет. Этномедиация бойынша оқу орталығын құру, тұрақты жұмыс істейтін оқу курстарын ұйымдастыру қажет, онда аудандық деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлердің көпшілігі оқытылуы тиіс. Ақпарат және әлеуметтік даму, Білім және ғылым министрліктеріне Мемлекеттік басқару академиясымен, Ассамблея хатшылығымен бірлесіп, осы мәселе бойынша жүйелі ұсыныстар енгізуді тапсырамын. Қасым-Жомарт Тоқаев

Ол Ассамблея дайындаған медиаторлардың қоғамдағы зорлық-зомбылық деңгейін төмендетуге, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтармен тиімді күресуге, сондай-ақ әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстардың алдын алуға зор үлес қосатынына сенім білдірді.

Адам құқықтарын қорғау бойынша жұмысты тиімді жүргізу үшін Ассамблея Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен тығыз өзара іс-қимылды ұйымдастыруы қажет деп есептеймін. Оның үстіне бұл институт басталған конституциялық реформаға сәйкес жақын арада конституциялық мәртебе алуы мүмкін. Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды