Мемлекетке 165 млрд теңгеге залал келтіргенҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
Тек Қытаймен шекаралас кеден бекеттерінде тауарларды жалған декларациялаудың 367 фактісі анықталды.
Кәсіпкерлер салық төлетпеу үшін уәкілетті экономикалық операторлар соңғы екі жылда 221 миллиард теңгеге жалған счет-фактуралар жасаған.
Тексерудің тек бір айында жалпы құны 800 миллион теңгені құрайтын контрабанданың 16 фактісі анықталды.
Мысалы, «GROUP OF THE COMPANIES TDA» компаниясы 287 млн теңгенің тауарын шекарадан заңсыз өткізген. Аталмыш компанияның директоры қамауға алынды.
Бас прокуратураның хабарлауынша, кеден саласындағы жұмыскерлер өз қызметін лайықты орындамаған.
Атап айтқанда, 27 қаңтарда «Нұр Жолы» кеден бекетінің маманы Мошканов «Берекет Логистик» компаниясына тиесілі декларацияланбаған тауардың салмағын заңсыз азайтып, оны 337 кг деп көрсеткен. Алайда прокурорлар жүкті қайта тексерген кезде декларацияланбаған тауардың салмағы 22 тонна екендігі анықталды. Ал тауардың жалпы құны 127 миллион теңге болды. ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
Бұдан бөлек, ақпараттық жүйелерде мәліметті заңсыз өзгерту салдарынан 9 импорттаушы бюджетке 143 млн теңге шығын келтірген.
Бұл іске алматылық Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің қатысы бар. «Нұр жолы» кеден бекетінің басшысы мен оның орынбасары прокурорға 50 мың АҚШ доллары көлемінде, ал «Cargo Management» операторының өкілі 30 мың АҚШ доллары көлемінде пара берген, – деп мәлімдеді Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Жоғарыда аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Кедендік реттеу саласындағы проблемаларды жою үшін Үкіметке прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.