Қазақстан Бельгия мен Гонконгтың да вакциналау паспортын таныды

Сурет: pixabay
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері «Коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау паспорттарын/сертификаттарын/анықтамаларын тану туралы» жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған сәйкес, Қазақстан Қазақстан Бельгия корольдігі мен ҚХР-дың арнайы әкімшілік ауданы - Гонконгтың вакциналау паспортын да мойындады.

Бүған дейін Қазақстан Республикасы 33 елдің вакциналау паспортын таныған болатын:

Аргентина Республикасында, Белизде, Боливия мемлекетінде, Бразилия Федеративтік Республикасында, Ұлыбританияда, Мажарстанда, Грузияда, Индонезия Республикасында, Иран Ислам Республикасында, Иорданияда, Бельгия Корольдігінде, Испания Корольдігінде, Канадада, Қырғыз Республикасында, Мальдив Республикасында, Моңғолияда, Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Молдова Республикасында,  Перу Республикасында, Сан-Марино Республикасында, Сербия Республикасында, Тунис Республикасында, Үндістан Республикасында, Филиппин Республикасында, ҚХР Гонконг Арнайы Әкімшілік ауданында, Таиландта, Түркия Республикасында, Өзбекстан Республикасында, Черногория Республикасында, Чех Республикасында, Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасында, Эквадор Республикасында, Эстония Республикасында және Жапонияда берілген азаматтардың КВИ-ге қарсы вакцинация паспорттары/сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылды.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Жаңа қаулының толық мәтінімен мына арадан танысуға болады.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Алина Чистякова жеңіл атлетикадан Азия чемпионы атанды

Еліміз бойынша 11 маусымға арналған ауа райы болжамы

Австралияда маса шағып, сирек кездесетін вирус жұқтырған турист көз жұмды