АҚШ Киевке 40 миллиард доллар бөлуді мақұлдады

Сурет: pixabay
Украинадағы әскери қақтығыс басталғалы бері АҚШ Киевке гаубицалар, зениттік жүйелер, танкке қарсы зымырандар мен Ghost ұшқышсыз ұшақтары бар 3,5 миллиард доллардан астам қару-жарақ берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

АҚШ конгресінің Өкілдер палатасы Украинаға 40 миллиард доллар көлемінде қосымша көмек көрсету туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды РБК.

Енді бұл бастаманы Сенат мақұлдап, одан кейін президентке жолданады.

Оны 368 конгрессмен қолдаса, 57-і қарсы болды.Бұған дейін президент Джо Байден Конгресстен Киевке 33 миллиард доллар көлемінде қосымша көмек бөлуді мақұлдауды сұрап, кейін оның көлемі ұлғайтылды.

Көмекке қару-жарақ жеткізу, оқыту, гуманитарлық қажеттіліктерге жұмсалатын қаражат кіреді.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Елімізде жыл басынан бері адам саудасына байланысты 72 қылмыс анықталды

Ақтөбеде газ құю бекетінде көлік өртеніп, үш адам тірідей жанып кетті

Дәрігерлер Қазақстандағы онкологиялық аурулар бойынша алаңдатарлық статистиканы жариялады