Павлодарда кроссовер зейнеткерді қағып кетті

Сурет: Zakon.kz
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 мамырда «Audi Q7» маркалы автокөлігінің 61 жастағы жүргізушісі Бектұров көшесімен солға бұрылып, Торайғыров көшесінен өтіп бара жатқан 64 жастағы жаяу жүргіншіні бағдаршамның рұқсат беретін белгісінде қағып кеткен, деп жазады Рavlodarnews.kz.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізіледі, - дейді департаментте.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ер адам № 1 қалалық ауруханаға бас миының шайқаулы, іш және жамбас жарақаты диагнозымен жеткізілді.

Жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. Жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, газонға шығып кеткен. Өзі аман.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Кітап оқымаса, не болады? Журналист маңызды бір жайтты түсіндірді

Сәрсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды