Жеңілдетілген несие: автокөлікті қандай шарттармен сатып алуға болады

Сурет: freepik
«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ринат Ғаппаров бағдарлама бойынша төрт банк халықты несиелендіруге рұқсат алғанын мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ринат Ғаппаровтың айтуынша, несиені екінші деңгейлі банктер береді. Бүгінгі таңда «Өнеркәсіпті дамыту қоры» төрт банкті – ЦентрКредит, Eurasian Bank, ForteBank және Halyk Bank-ті мақұлдады. Бағдарламаға басқа банктердің қатысу мәселесі кейін қарастырылады.

Бұл бағдарламада көлікті екі жылда бір рет қана алуға болатын шектеу бар. Бұл шектеу оң нәтиже береді, өйткені көбірек адамды қамтуға мүмкіндік туады. Ринат Ғаппаров

Сондай-ақ екінші деңгейлі банктерде электронды кезек болуы тиіс, онда банк сайтында әрбір адам өтініш бергеннен кейін кезек нөмірін тексере алады.

Тағы бір айтарым, бұл бағдарламаның тағы бір ерекшелігі, банктер төлем шотында VIN коды болған жағдайда ғана өтініштерді қабылдайды. Бұл – ұзақ уақыт бойы ұзын-сонар кезек тудырмас үшін банктер өтініштерді тек авто салонда көлік болған жағдайда ғана қабылдайды деген сөз.Ринат Ғаппаров

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасының шарттары:

бағдарлама бойынша сыйақы мөлшерлемесі – 4%;

несие сомасы – 10 миллион теңгеден аспайды;

қаржыландыру мерзімі – жеті жылдан аспайды;

бастапқы төлем – 0%;

көліктің құны 15 миллион теңгеден аспайды.

Қазақстан
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы