«Уақыттан жүйрік ештеңе жоқ екен»: Айнұр Тұрсынбаева келін түсірді

Айтыскер Айнұр Тұрсынбаеваның отбасында той. Оның ұлы Беглан үйленіп, келін түсірді. Қуанышты жаңалықты Айнұр Тұрсынбаеваның өзі бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айнұр Тұрсынбаеваның ұлы Беглан мен келіні Мадина Түркия мешіттерінің бірінде некесін қиды. Ана ұлы мен келінінің жаңа қадамы үшін ерекше толқып, қуанып жатқанын жеткізді. Ол «Мұндай хабарды бөліспесе, күнә болатын сияқты» деп жазды.

Қатты толқып отырмын! Бұл қуанышты бөліспеудің өзі кінә сияқты! Көзімнің ағы мен қарасы, ұлым Бегланым шаңырағымызға келін әкеп жатыр. Ұлымның кішкентай кезінде «қашан өседі?» деп, ержеткенін күтіп, асығатынмын. Келін түсіру деген алыстағы армандай көрінетін. Сөйтсем, уақыттан жүйрік ештеңе жоқ екен ғой. Міне, бүгін келінді болдым. Аппақ келіннің басына ақ орамал тағып, отқа май салғыздық. Әжелеріміз айтпақшы, енді екі қолымды жылы суға салып отыратын сәтке де жеттім. Зымыраған өмір-ай… Сәби болып құшағымда отырғаның кеше ғана сияқты еді. Ержетіп кеткеніңді байқамай да қалыппын-ау. Бакытты болыңдар! – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

Айнұр Тұрсынбаева ұлы мен келініне кішігірім өлеңін арнады.

Ғұмырымның жалғасы ұлым менің, Әр сәт сайын дұғамда, жырымда едің. Өз теңінді тапқаның қуандырып, Еселеді бағымды бүгін менің. Кеше ғана сәби ең, жүгірмегім, Сен үшін сынақтарда үгілмедім. Күні-түні тілеймін Жаратқаннан Отауыңның бақытқа тігілгенін. Менің қуанышым сіздерге де жұғысты болсын!Айнұр Тұрсынбаева

Айтыскер ақынды дос-жарандары мен жанкүйерлері құттықтап жатыр. Тіпті келінін Айнұр Тұрсынбайеваға ұқсатып жатқандар да жетеді.

Тойға шақырмадың деп ренжіп жатқандар да бар.. Бұл жәй ғана неке қиюға арналған дастархан ғой.. Той енді болады... Айтпақшы келінімді өзіме ұқсатып жатқандар көп екен.. Ұқсай ма екен шынымен? Айнұр Тұрсынбаева
Қызықты
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: