Қазақстанда 10 нәрестенің үшеуі көпбалалы отбасында дүниеге келген

Сурет: pixabay
Сарапшылардың пікірінше, туу деңгейінің жоғарылауына пандемия жылдары ықпал етті. Қазақстанда бэби бум 2020 жылы басталды, соның аясында елде 426,8 мың сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
2021 жыл да бұл рекордты жаңартты: жаңа туған нәрестелер саны 446,5 мыңға жетті, яғни «коронавирусқа дейінгі» 2019 жылмен салыстырғанда нәрестелер 11%-ға көп дүниеге келген, – деп хабарлады Energyprom.kz.

Бэби бум 2022 жылы да жалғасып жатыр. Биыл үш айда ғана 95,6 мың бала дүниеге келген. Сонымен қатар сарапшылар қазақстандық 10 баланың үшеуі көп балалы отбасында дүниеге келетінін атап өтеді. Қазақстандық 10 бала бумердің 3-і көп балалы отбасында дүниеге келген.

Бірден 125,1 мың бала немесе 2021 жылы жаңа туған нәрестелердің жалпы санының 28%-ы көп балалы отбасында дүниеге келді, яғни олар туу реті бойынша төртінші немесе одан да көп болды, – дейді зерттеушілер.

Қазақстанда төрт және одан да көп баласы бар отбасы көпбалалы отбасы болып саналады. Оның үстіне он және одан да көпбалалы отбасыларда 95 сәби дүниеге келген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз