Фотоларды қазақстандық бойдақ Instagram парақшасында бөлісті. Димаш Әділеттің айтуынша, анасымен түскен бірінші және екінші фотоның арасы – 26 жыл. Димаш бүкіл отбасымен түскен фотосын да жариялады.
Жылы лебіздеріңіз үшін отбасымыздың атынан көп рақмет. Барлығымыз өте ризамыз. Ал мен өмірге осындай тамаша отбасым барына ризамын... Ата-анамнан отбасының, махаббаттың, қарым-қатынастың тамаша үлгісі барына қуаныштымын. Барлығы үшін рақмет. Әкем – ең жақсы әке. Анам – ең жақсы ана. Ең жақсы аға мен әпке де бар. Ең жақсы отбасы. Сіздерді жақсы көремін! – деп жазды Димаш Әділет.
Қазақстандық бойдақтың жанкүйерлері мен оның парақшасын оқитын оқырман отбасылық фотолардың астына пікір жазып, қызу талқылап жатыр.
17 мамырда Димаштың анасы Валентина Дурумбетова ұлын туған күнімен құттықтап, оның бала кезіндегі фотоларын бөлісті.
Бұған дейін желі қолданушылары Димаш Әділетті Marvel Comics суперқаһарманы Капитан Америкамен салыстырған еді.