Жәбірленуші облыс орталығындағы кәсіпорындардың бірінде бетон араластыратын цехта оператор болып жұмыс істеген. Анықталғандай, 40 жастағы ер адам абайсызда баспалдақтан құлап кеткен.
Аталған факті бойынша АІІБ-нің тергеу бөлімі 2-бөлім бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 156 бабы бойынша "Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Мемлекеттік еңбек инспекторының қорытындысы шығарылады.