"Қазгидромет" РМК ақпаратына сүйенсек, күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с, күндіз +36°С қатты ыстық болады деп күтіледі.
Жезқазғанда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15 м/с, күндіз +35°С қатты ыстық болады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстік-батысында найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады, бұршақ түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында соққан желлдің екпіні 25 м/с жетеді.
Петропавлда күндіз найзағай ойнап, дауыл тұрады, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аймақтары мен тау бөктерінде оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз соққан желдің екпіні 25 м/с жетеді.
Шымкентте күндіз оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Түркістанда күндіз шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды, бұршақ жауады деп күтіледі. Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде 2 градус үсік болады деп күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан, шығыстан, оңтүстіктен және облыс орталығынан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысының орталығында батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.