Алматыда төртжолақты жаңа жол ашылады

Сурет: Zakon.kz
28 мамыр күні ұзындығы 0,8 шақырым болатын Әуезов көшесі бойымен Гоголь көшесінен Райымбек батыр даңғылына дейін бөлікте төртжолақты жаңа жол ашылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, көшенің ұзаруы қозғалыс жүктемесін азайтып, жолаушылар ағымын көбейтуге мүмкіндік береді.

Ұзарту кезінде магистралды жылу жүйесі желісін қайта орналастыру, өтпелі және бағаналы бағдаршамдармен бірге төрт темір жол өткелін қайта жасалды. Арық жүйесін жаңарту мен көршілес аумақты абаттандыру жүргізілді. Жұмыс маусым айының аяғына дейін толық аяқтлады деп жоспарланып отыр, – делінген әкімдік хабарламасында.

Бұрын Әуезов көшесі солтүстік бағытта Гоголь көшесімен тұйықталатын. Ал бұл ауданда солтүстік-оңтүстік бағыты бойынша көше-жол желісі жетіспейтіні байқалған еді.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды