Еліміздің басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады, дауыл тұрады деп күтіледі

31 мамырда Нұр-Сұлтан қаласы мен еліміздің тоғыз облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұр-Сұлтанда найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан облыстың солтүстігінде, батысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, күндіз кей кезде 25 м/с-ға жетеді.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 25 м/с-ға жетеді.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыс орталығында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысы, солтүстігі, шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндізгі екпіні 23 м/с құрайды. .

Күндіз Алматы облысының таулы аймағы мен тау бөктерлерінде нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, оңтүстіктегі және таулы аймақтардағы екпіні 17-22 м/с, облыстың шығысында 24-29 м/с құрайды. Талдықорғанда күндіз күн күркірейді.

ШҚО-ның солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады деп күтіледі. Батыстан, күндіз солтүстіктен, шығыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Семейде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстік жартысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, кей кезде 23 м/с құрайды.

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай ойнап, батыста, оңтүстікте, облыстың орталығында бұршақ жауады, дауыл тұрады деп күтіледі.

1 маусымда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: