Қазақстанның оңтүстік-батысы, солтүстік-батысы, солтүстігі, орталығы және оңтүстік-шығысы циклон және соған байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады – найзағаймен жаңбыр жауады, бұршақ, дауыл күтіледі. Еліміздің қалған өңірінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік-батыста, солтүстікте шаңды дауыл тұрады. «Қазгидромет» РМК
Нұр-Сұлтан қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 9-14, екпіні 15-20 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +19+21°С, күндіз +30+32°С болады.
Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауыспалы бағыттардан жел соғады, күші 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде +16+18°С, күндіз +30+32°С болады.
Шымкент қаласы: аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 3-8 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +18+20°С, күндіз +35+37°С болады.
Қостанай облысының солтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі, облыстың солтүстігінде, шығысында жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.
Ақмола облысының солтүстігінде, батысында найзағай, күндіз бұршақ, облыстың оңтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі, Жалаңашкөл ауданында және облыстың таулы аудандарында жел күшейеді.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз батысында, оңтүстігінде, шығысында жел күшейеді.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, түнде облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел күшейеді.
Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жел күшейеді.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі, облыстың орталығында, оңтүстігінде жел күшейеді.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында, шығысында, Павлодар облысының солтүстігінде, орталығында жел күшейеді.
Күндіз Алматы, Қызылорда, Жамбыл облыстары, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Алматы облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.