Мемлекет басшысы халықаралық компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесу өткізді

Сурет: akorda.kz
Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-отырысы қарсаңында «Fortescue Future Industries» компаниясының негізін қалаушы әрі директорлар кеңесінің төрағасы Эндрю Форресті, сондай-ақ «Полиметалл УК» акционерлік қоғамының президенті Игорь Финогеновті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Эндрю Форрестпен кездесу барысында көміртегін аз пайдалана отырып даму мәселесі талқыланды. Бұл – Қазақстанның стратегиялық мақсаттарының бірі.

«Fortescue Future Industries» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Президентке компанияның еліміздегі жел энергетикасы және жасыл сутегін өндіру жобаларына инвестиция салу жоспары туралы айтты.

Игорь Финогенов Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлемдегі ірі тау-кен және алтын өндіруші компаниялардың қатарына кіретін «Полиметалл УК» акционерлік қоғамының жұмысы туралы мәлімет берді.

Кәсіпкер Мемлекет басшысына геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және күн электр станцияларын салу жөніндегі жоспарын айтты.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы