Алматының екі ауданында суық су уақытша өшіріледі

Сурет: Zakon.kz
Алматыда 15 маусымда Әуезов және Жетісу аудандарында суық су жергілікті жерлерде өшіріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

15 маусымда сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін Әуезов ауданы аумағындағы Тастақ-1 шағынауданының контурында, сонымен қатар Өтеген батыр көшесінің бойында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарда суық су болмайды. Сонымен бірге Төле би көшесінен Райымбек даңғылына дейін, әрі қарай Райымбек даңғылының бойымен Өтеген батыр көшесінен Сайын көшесіне дейін суық су уақытша болмайды.

15 маусым сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін – Жетісу ауданы аумағында Құлагер шағын ауданында (№25-59 үйлерде) суық су болмайды.

Суық сумен жабдықтау қызметіне шектеулер жаңа су құбырын магистральдық желілерге қосу және технологиялық жабдықтарды ауыстыру үшін енгізілген.МКК «Алматы су»
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз