Шымкенттің шалғай елді мекендері де кәріз жүйесімен қамтылуда

Шымкентте Ұлағат, Мирас шағынаудандары мен Тассай тұрғын алабында инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған елді мекен тұрғындарын биыл әсіресе кәріз жүйесімен толық қамтамасыз ету жоспарланған. Сондай-ақ бұл жұмыстардың сапалы және уақытында орындалуы қала әкімдігінің жіті назарына алынған.

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұлағат шағынауданында кәріз жүйесінің құрылысын мердігер «Алемстрой-1» компаниясы жүргізіп жатыр. Құрылыстың ұзындығы 40,9 шақырымды құрайды. Мердігер мекеме құрылысты бітсе, 2248 абонент кәріз жүйесіне қосылады. Қазіргі таңда құрылыстың 18,3 шақырымы аяқталып, жоспарлы жұмыстың 40 пайызы орындалған. Нысан осы жылдың қарашасында ел игілігіне берілмек.

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тассай тұрғын алабында да кәріз жүйесінің қажеттілігі қанша рет көтерілген болатын. Биыл бұл бағытқа қаржы қаралып, құрылыс басталып кетті. Мұндағы кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстарын Мердігер «Сарыағаш Аман» ЖШС-і қолға алып, 115,2 шақырым кәріз жүйесінің 66,3 шақырымына құбыр тартып үлгерген. Бүгінде орындалған жұмыс құрылыстың 62 пайызын құрап отыр. Алайда, нысан келер жылы іске қосылады.

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қала әкімінің сапары Мирас шағынауданында жалғасты. 980 түтіні бар Мирас шағынауданы электр жарығы, ауыз су және табиғи газбен толық қамтылған. Бүгінде елді мекенге кәріз жүйесі жүргізіліп жатыр. Жобаға сәйкес, Мирасқа 50,4 шақырым кәріз жүйесі жүргізіліп, ол ары қарай Шапағат-2 шағын ауданына ұзартылады. Бүгінде «Ынтымақ Бес Арыс» ЖШС құрылыстың 38 пайызын орындаған. Нысан қараша айында пайдалануға берілмек.

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, биыл шаһарда 14 нысанның құрылысы қолға алынған. Жыл соңында 2 магистральді кәріз коллекторы, 1 кәріз сорғы станциясы (КНС) және 6 елді мекендегі нысан құрылысы аяқталып, 65 мың адам кәріз жүйесін пайдаланбақ.

Шымкент Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: