Ордабасы ауданынан аса құнды жәдігер табылды

Сурет: pixabay
Ордабасы өңіріндегі Қарабастау елді мекенінде аса құнды жәдігерлер табылды. Мұны ауыл тұрғыны құрылыс жұмысын жүргізу кезінде 2,5-3 метр тереңдіктен көрген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бірден қоладан жасалған 5 дана, тасқа ұқсас заттан қашалып жасалған 2 құнды жәдігерлерді Ордабасы қорық-музей қорына табыстады.

Археологтардың зерттеуі бойынша, мұндай жәдігерлер Түркістан облысы аумағында бұрын соңды табылмаған б.з.б. I мыңжылдықта өмір сүрген сақ дәуіріне жататын жәдігерлер болуы мүмкін.

Жалпы қоладан жасалған екі жәдігерде архар жануарының бейнесі сомдалған. Ал тасқа ұқсас заттан қашалып, ортасы жіп өткізілетіндей етіліп жасалған екі зат әйел адамның әшекей бұйымы, яғни моншақтың бір бөлігі екендігін аңғартады.

Қазақстан
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды