Ұлттық қордың шығындары түсімдерден 200 миллиард теңгеге асып түсті - Есеп комитетінің басшысы

Сурет: Zakon.kz
ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова 2021 жылы Ұлттық қордан 4,5 триллион теңге жұмсалғанын, ал кірістер 4,3 трлн теңгені құрағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Наталья Годунова Ұлттық қор болашақ ұрпақ үшін жинақтарды қалыптастыру арқылы қаржылық ресурстарды үнемдеу мақсатында құрылғанын еске салды. Тағы бір мақсат – әлемдік тауар нарықтарындағы жағдайға бюджеттің тәуелділігін азайту.

Бірақ, оның айтуынша, 2015 жылдан бастап Ұлттық қор тұтынудың белсенді фазасында.

Біз 2019-2020 жылдарды айтып отырған жоқпыз. Шынында да, COVID-19 пандемиясына байланысты дағдарысқа қарсы шараларды қаржыландыру қажет болды. Алайда 2021 жылы жағдай айтарлықтай жақсарды. Мемлекет басшысының республикалық бюджет Ұлттық қордың жұмсалуына негізделмеуі керек деген тапсырмасына қарамастан, 2021 жылы 4,5 триллион теңге игерілсе, кіріс 4,3 триллион теңгені құрады. Наталья Годунова

Заңнамаға сәйкес, Есеп комитетінің басшысы атап өткендей, «трансферттерді бөлу тек тұжырымдамада көзделген бағыттар бойынша қарастырылып, 30 пайыздық ең төменгі қалдық қол сұғылмауы тиіс».

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Жасырын зауыт пен жеке теміржол тұйығы: Ұлытау облысында марганец кені заңсыз экспортталған

Алматы облысына қарасты бір ауылда тұрғындар газ құбырын аттап өтіп жүр

Рим маңындағы оқ-дәрі шығаратын зауытта жарылыс болып, алапат өрт тұтанды

Алматыдағы шыңдардың біріне апарар жолда жасөспірім тау ауруына шалдықты - ТЖМ дер кезінде көмекке келді