Адасқан Павел: Шымкент полицейлері тауысты үйіне қайтарды

Сурет: polisia.kz
Шымкент полициясына әдеттегіден ерекше қоңырау түсті. Онда Нұртас ықшамауданының тұрғыны ауласындағы құс қорасынан экзотикалық құс – тауыстың жоғалып кеткенін айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үй иесі Павел атты павлинді ұрғашы Павамен жұптастырғанын айтқан. Ал таңертең тұрғын Павелдің құс қорасында жоқ екенін байқаған. Ол тауысты өз бетімен іздеп тапқысы келгенімен нәтиже болмапты.

Тәртіп сақшылары аумақты, көрші үйлер мен аулаларды тексерді. Оқиға куәгерлерінен сұрастырып, қауіпсіздік камераларын да қарады. Сол бейнебақылау камерасы арқылы полицейлер құстың жүрген жерін анықтаған.

Сөйтсе Тауыс көрші көшеде жүрген екен. Полиция қызметкері Ержігіт Нұрмағанбетов оны ұстап үлгерді. Павел бір сағатта иесіне қайтарылды.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі