Ақтаулық әйел алаяқтарға 4,4 млн теңге аударып, ақшасының бір бөлігін сот арқылы қайтарды

Деньги, тенге, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2026 18:45 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Ақтау қаласының тұрғыны интернет-алаяқтық салдарынан жоғалтқан ақшасының бір бөлігін сот арқылы қайтарып алды. Мемлекеттік органдар мен банк қызметкерлері ретінде танысқан алаяқтардың қысымымен әйел жалпы сомасы 4,4 млн теңге несие рәсімдеп, ақшаны олардың шоттарына аударған.

Оқиға 2026 жылдың маусымында басталған. Сол кезде жәбірленушіге белгісіз адамдар хабарласып, өздерін ХҚКО, банк және киберполиция қызметкерлері ретінде таныстырған.

Олар әйелді қылмыстық жауапкершілікке тартылатынымен қорқытып, банк шоттарына қауіп төніп тұрғанына сендірген.

Осы сылтаумен алаяқтар әйелді 4,4 млн теңге несие алуға мәжбүрлеп, ақшаны өздері айтқан деректемелер бойынша аудартқан. Осы фактіге қатысты қылмыстық тергеу басталды.

"Тергеу барысында екі азаматтың (жауапкерлердің) банк шотына 1 млн теңгеден түскені анықталды. Жәбірленуші оларды танымайды және олардың алдында ешқандай ақшалай міндеттемесі болмаған. Кейін ақшаны алған басқа адамдар әйелге өз еркімен 2,2 млн теңгені қайтарды. Алайда қалған 2 млн теңге қайтарылмады", – делінген хабарламада.

Ақшасын қайтару үшін Ақтау тұрғыны сотқа негізсіз баю сомасын өндіріп алу туралы талап арыз беріп, екі алушыдан 1 млн теңгеден қайтаруды сұраған.

Істі Жамбыл облысының Талас аудандық соты қарады. Сот материалдар мен дәлелдерді зерделей келе, талап қоюшының өтінішін толық қанағаттандырды.

Сот шешімімен екі жауапкердің әрқайсысынан 1 млн теңгеден негізсіз баю сомасы және мемлекеттік баж өндіріп алу туралы шешім шығарылды.

Сот актісі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: