223 млн 280 мың теңге: Ер адам 18 жыл бойы интернеттегі "сүйіктісіне" ақша аударып келген
Фото: pexels
Gazeta.ru мәліметінше, олар 2006 жылы интернет арқылы танысқан.
Әйел өзін Австралиядан келген Эми Скайерс деп таныстырып, полицияда қызмет ететінін айтқан. Өзінің кім екенін растау үшін ол спорттық модельдің суреттерін жіберіп, оларды өз фотосуреттері ретінде көрсеткен.
Шын мәнінде, әйел анасы екеуі Оклендте тұрған, жұмыс істемеген және тұрғын үй ақысына ақша төлемеген. 18 жыл бойы ол ер адамнан жалдау ақысына, билетке, жанармайға, емделуге және оның "сүйіктісі" тұратын Данидин қаласына көшуге ақша сұрап отырған. Алаяқ тіпті оған сапарға және заттарды тасымалдауға қатысты жалған құжаттар да жіберген.
2006-2024 жылдар аралығында ер адам жалпы сомасы шамамен 500 мың доллар болатын 1149 аударым жасаған. Әйел ақшаны негізінен азық-түлікке, түрлі сатып алуларға және өзінің қарыздарын өтеуге жұмсаған.
Алаяқтық тек 2024 жылы, ер адамның денсаулығы нашарлап, оның қаржысын қызы басқара бастаған кезде тоқтаған. Нәтижесінде айыпталушы әйел қарым-қатынастары мен бірге көшу туралы әңгіменің барлығы ақша алу үшін ойдан шығарылғанын мойындаған.
Сот әйелді қамауға алмай, кепілмен бостандықта қалдырды.
Прокуратура жәбірленушінің ақшасын қайтаруды жоспарлап отыр.
Бұған дейін Павлодар қаласының қырағы такси жүргізушісі зейнеткер әйелдің 6 млн теңге жинағын сақтап қалғаны туралы жазған болатынбыз.