Бейсенбіде Қазақстанда аптап ыстық сақталып, жел тұратыны болжанады

30 маусымда еліміздің сегіз облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстікте солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с жетеді, күндіз облыстың басым бөлігінде 40 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шөлейтті аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда түнде және таңертең солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз өңірдің басым бөлігінде 15-20 м/с, солтүстігінде, шығысында 25 м/с жылдамдықпен қатты жел соғады.

Қызылорда облысында солтүстіктен жел соғады, облыс орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қауіпі сақталады.

Күндіз Алматы облысының батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз 38 градус қатты ыстық болады. Қонаевта күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі, 36-38 градус қатты ыстық сақталады.

Күндіз Жетісу облысының орталығы мен таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз орталықта және облыстың шығысында 17-22 м/с, кей тұста 28 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Талдықорғанда күндіз найзағай ойнап, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді, күндіз 35 градус ыстық сақталады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ жауады. Солтүстікте, оңтүстікте, шығыста 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ойысып, найзағай кезінде екпіні 15-18 м/с жетеді.

Түнде Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, күндіз орталықта, оңтүстікте, шығыста найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса соққан жел екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с құрайды.

Шығыс Қазақстан облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде түнде және таңертең найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ойысып, найзағай кезінде екпіні 15-18 м/с жетеді.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: