Шымкент хайуанаттар бағында кішкентай хамелеондар дүниеге келді

Сурет: видеодан скриншот
Шымкент зообағының Instagram-дағы парақшасында жаңа видео жарияланды. Қызметкерлер мамыр айында йемендік хамелеондар жұбы көпбалалы болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зообақтағы аналық хамелеон былтыр желтоқсан айында жұмыртқалаған. Хамелеон жұмыртқаларының инкубациясы 5 айдан 9 айға дейін созылуы мүмкін. Бұл жолғы жұмыртқалар 5 ай бойы инкубаторда жатқан.

5 айдан кейін жұмыртқадан 3 аптаның ішінде үлкендігі бұршақтай болатын кішкентай тіршілік иелері шықты. Олардың түсі жасылдан қоңырға және қайтадан жасылға өзгерді. Алғашқы балалар салмағы бойынша соңғысынан айтарлықтай ерекшеленеді. Біздің кішкентай хамелеондарымыздың тәбеті керемет және олар күн санап өсіп келеді, – деп жазды зообақ қызметкерлері.

Түсін өзгерткіш кесірткелердің негізгі азығы – шегіртке және құрт. Бақ қызметкерлері шегірткелерді ұнтақтап, кептіріп хамелеондарға береді екен. Ең бастысы хамелеондардың дені сау.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жібек Құламбаева WTA 125 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды

Астанада қар жауып, көктайғақ болады, ал оңтүстікте күн жылынады

15 қарашадан бастап осы үш жұлдыз белгісінің өмірінде жақсы өзгерістер болуы мүмкін

Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Ақмола облысында полицейлер жоғалған 86 жастағы қарияны іздеп тапты