16 қарашада Астана мен тағы бес қалада ауа сапасы нашарлайды

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, загрязнение воздуха, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2026 17:01 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер 2026 жылғы 16 қарашада Қазақстанның алты қаласында ауаның ластану деңгейі жоғарылауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжамынша, дүйсенбі күні Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Павлодар және Астана қалаларында атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық жағдай қалыптасады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – желсіздік, баяу жел, тұман және температуралық инверсия сияқты қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың үйлесуі. Мұндай жағдайлар атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына әсер етеді.

Еске салайық, бұған дейін 16 қарашада еліміздің бірқатар облысында жауын-шашын түсіп, жел күшейеді. Кей өңірлерде тұман мен көктайғақ болатынын хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: