"Қазгидромет" Астана және тағы бес қала тұрғындарына ескерту жасады
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер 2026 жылғы 11 қарашада Қазақстанның алты қаласында ауаның ластану деңгейі жоғарылауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидрометтің" мәліметінше, 11 қарашада Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Атырау және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды, ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың жиынтығы. Оларға желсіз ауа райы, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия жатады.
Сондай-ақ "Қазгидромет" РМК мамандары дауылды ескерту жариялады. Қолайсыз ауа райы Қазақстанның бүкіл аумағын қамтиды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript