Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады, облыстың шығысында нөсер жаңбыр болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с жетуі мүмкін.
Қарағанды облысының солтүстігінде және орталығында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 20 м/с жетеді, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с жетеді.
Қарағандыда найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні күндіз 15-20 м/с құрайды.
Петропавлда найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с құрайды.
Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан жел өңірдің солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с жылдамдықпен мінез көрсетеді.
Жезқазғанда түнде найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 18 м/с жетеді.
Ақмола облысының басым бөлігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз батыста, облыс орталығында бұршақ түседі, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан соққан желдің түнде облыстың оңтүстік жартысында екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с жетеді.
Нұр-Сұлтанда таңертең және күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Жетісу облысының шығысында, солтүстігінде және таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Талдықорғанда найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күн күркіреген кездегі екпіні 15-20 м/с жетеді.
Түркістан облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай ойнап, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады. Солтүстікте, облыстың батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда батыстан 15-20 м/с, таулы аудандарда 23 м/с жылдамдықпен жел соғады, солтүстікте, облыстың шөлейтті аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістанда түнде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Шымкентте 5 шілдеде түнде және таңертең найзағай ойнайды, дауыл тұрады деп күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысының орталығында күндіз шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Қызылордада күндіз шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз батыстан жел соғады, екпіні 17 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.
Оралда күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ақтөбе облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ақтөбеде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.
Алматы тұрғындарынан күн күркіреп, найзағай ойнауына байланысты тауға саяхаттау жоспарын кейінге шегеру сұралады.
Дауылды ескертуге сәйкес, 5 шілдеде таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 20 м/с жетеді. Алматы қалалық ТЖД