Елімізде коронавирус жұқтырғандар санының артуына не себеп – министр жауап берді

Сурет: pixabay
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елде коронавирус жұқтырғандар саны неліктен артқанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Бүгінде әлем бойынша сырқаттанушылық 3%-ға өсті. Оған себеп – туризм, демалыс. Сондай-ақ коронавирустың «омикрон штамы» да себепші, – деді Ажар Ғиният үкімет кулуарында.

Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы қазақстандықтарға бетперде киіп, алдын алу шараларын сақтауды ұсынды.

Біз барлық сценарийге дайынбыз. Күніне 16 мың сырқаттанушы тіркелкен кез де болды, бұл толқын өтті. Бүгінде коронавирус жұқтырған 187 адам тіркелді. Медициналық ұйымдар коронавируспен күресуге дайын. Дайындық, кадр мәселесі зерттелді, екі жылдан бері күресіп келеміз. Ажар Ғиният

Министрдің айтуынша, елде 11 миллионнан астам адам вакцина салдырды, ұжымдық иммунитет бар. Шамамен 5 миллион адам ревакцинациядан өтті.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады