Қазақстандықтар Астана күнін тойлап жатыр

Бүгін Қазақстанның астанасына 24 жыл толды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік мерекенің тарихы 1994 жылдың 6 шілдесінен бастау алады. Дәл осы жылы Қазақстан Жоғарғы кеңесі астананы Алматыдан Ақмолаға (қазіргі Нұр-Сұлтан) көшіру туралы қаулы қабылдады. Елорданы көшіру туралы түпкілікті шешімді 1997 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қабылдады.

Бір жылға жуық уақыттан кейін, 1998 жылы 6 мамырда қала Астана атауымен атала бастайды. Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының астанасы – Ақмола қаласын Астана қаласы – елорда деп қайта атау туралы» Жарлыққа қол қойды.

Бұл қала атауы бірнеше рет өзгерген. Қала 1830-1961 жылдары Ақмола, 1961-1992 жылдары Целиноград, 1992-1998 жылдары Ақмола деп аталды.

Бастапқыда (1998 жылдан бастап) Астана күні 10 маусымда тойланатынын қазақстандықтардың бәрі біле бермейді. 6 шілде 2006 жылы ғана тойлана бастады. Бұл күн кездейсоқ таңдалған жоқ. 1994 жылдың дәл осы күні астананы көшіру туралы шешімді Қазақстанның Жоғарғы кеңесі бекітті.

Содан бері Қазақстан астанасы айтарлықтай өзгерді. Ауқымды құрылыс басталды. Қаланы көркейту оны Орталық Азиядағы ең әдемі және заманауи қалалардың біріне айналдырды.

1999 жылы ЮНЕСКО шешімімен Астана «Бейбітшілік қаласы» атағын алды. Бұл атақ өзін әлеуметтік, экологиялық салаларда, муниципалды секторды дамытуда табысты түрде дәлелдеген және бейбітшілік мәдениетіне практикалық үлес қосқан мегаполистерге беріледі.

Сонымен қатар 2017 жылы елорда ретінде Астанада ЭКСПО-2017 дүниежүзілік көрмесі өтті. Бұл шараға төрт миллионға жуық адам қатысты.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда отставкаға кететінін жариялағаннан кейін көп ұзамай Астана атауы Нұр-Сұлтан деп өзгертілді. Қасым-Жомарт Тоқаев президент болды. Ол ант қабылдағаннан кейін Астана қаласының атауын Нұр-Сұлтан деп өзгертуді ұсынды. Сол жылдың 23 наурызында Мемлекет басшысы Қазақстан астанасының атауын өзгерту туралы жарлыққа қол қойды.

6 шілде – бұл қала тұрғындарының ғана емес, барша қазақстандықтардың ұлттық мерекесі.

Нұр-Сұлтан Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: