Теңізде қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі

6 шілдеде Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Теңіз кенішіндегі төтенше жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аймақ басшысы қаза болған жұмысшылардың отбасыларына көңіл айтып, қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына қажетті материалдық көмек көрсетілетінін атап өтті.

Сондай-ақ облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына зардап шеккен жұмысшыларға қажетті медициналық көмек көрсетуді тапсырды.

Апаттың себептерін анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылып, оның аясында тиісті жұмыстар жүргізілмек.

6 шілде күні таңертең Атырау облысында Теңіз кен орнында жарылыс болып, салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бес адам жарақат алды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: