Некелесу және ажырасу бойынша көшбасшы өңірлер аталды

Сурет: Zakon.kz
Некенің көбі Нұр-Сұлтанда қиылады, ал ажырасулар Қарағанды ​​облысында көп тіркелген. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросынан хабарлады.

2022 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында Қазақстанда 36 145 неке тіркелді. Оның ішінде ауылдарға қарағанда қалаларда неке көп қиылған. Қалада 28 817 неке, ауылда 7 328 неке қиылды.

Мың адамға шаққанда тіркелген некелердің саны жоғары, яғни неке деңгейі ең жоғары үш аймаққа Нұр-Сұлтан – 8,3, Алматы – 7,9 және Маңғыстау облысы – 6,15 кірді. Некеге тұрудың ең төменгі көрсеткіші Ақтөбе облысында, 4,74.Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр осы кезеңде барлығы 43 246 неке қиылған. Оның 29 546-сы қалаларда, 13 700-і ауылдарда тіркелді.

Сонымен қатар 2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында 5 680 ажырасу тіркелді. 2021 жылдың осы мерзімінде 6097 ажырасу болған, яғни биыл аз.

Бұл ретте қала бойынша 4639 ажырасу (2021 жылдың қаңтар-сәуірінде – 4734), ауылда1041 (2021 жылдың қаңтар-сәуірінде – 1363) ажырасу тіркелді. Мың адамға шаққанда ажырасудың ең жоғары көрсеткіші Қарағанды ​​облысында 1,33, Павлодар облысында 1,31 және Шығыс Қазақстан облысында 1,25.Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі

Ең аз ажырасу Қызылорда облысында. Бұл өңірде мың адамға шаққандағы коэффициент небәрі – 0,44.

Қазақстан
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты