Күн райы құбылмалы болады – 13 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Сурет: Zakon.kz
«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, сәрсенбі еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл, батысында бұршақ күтіледі. Тек Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-батысы, солтүстік-батысы және орталығында ауа райы жауын-шашынсыз болады.«Қазгидромет» РМК

Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 3-8 м/с болады. Ауаның температурасы түнде –+16+18°С, күндіз – +28+30°С.

Алматы қаласында көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 2-7, найзағай кезінде екпіні 13 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +17+19°С, күндіз +27+29°С болады.

Шымкент қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с болады. Ауаның температурасы түнде – +18+20°С, күндіз – +35+37°С.

Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының батысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық күтіледі.

Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы