Бүгінгі таңда ішкі істер органдарының тергеушілерімен 381 қылмыстық іс тергелуде, олар бойынша 10 адам қамауда отыр. Мұндай бірқатар істер қылмыстық істердің көпшілігі бойынша процессуалдық шешімдердің қабылданғанымен түсіндіріледі. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Тергеу департаменті бастығының орынбасары Мұхтар Қожаев
Оның айтуынша, 589 күдіктіге қатысты 359 іс айыптау қорытындысымен сотқа жіберілген.
Олардың басым бөлігі тәртіпсіздіктер кезінде ұрлық, қаруды заңсыз сақтау және ұрлау, көліктерді ұрлау, тонау және бұзақылық қылмыстарымен айналысқан. Мұхтар Қожаев
Қожаев сотта қарау нәтижесінде 460 адамға үкім шығарылғанын айтты:
бас бостандығын шектеу – 371;
қоғамдық жұмыстар – төрт;
айыппұл – бес;
бас бостандығынан айыру – 80 (барлығы ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін).
Сонымен қатар, ІІМ Тергеу департаменті бастығының орынбасарының түсіндіруінше, келтірілген залалды өтеуге және тараптардың татуласуына байланысты соттармен 13 адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, 116 сотталушыға қатысты 55 қылмыстық іс сот өндірісінде қалды.
Азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы сомасы 343 млн теңгеден астам ұрланған мүлкі тәркіленді, оның ішінде 12 автокөлік, 319 тұрмыстық техника, 189 зергерлік бұйымдар, 286 ұялы телефон, 550 киім-кешек, 16 млн теңгеден астам ақша алынды. Мұхтар Қожаев
Бұған дейін Бас прокуратураның 1-қызметі басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов қаңтардағы тәртіпсіздіктен кейін 545 адамның сотталғанын айтқан болатын.